РЕГЛАМЕНТ
Порядок проведения турнира и игр
Өткізу тәртібі «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY»:
1. Представитель организатора «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» в первую очередь определяет статус каждого участника турнира как игрока хоккея с шайбой и присуждает ему рейтинг. Ойыншы по хоккею с шайбой - это любитель, воспитанник ДЮСШ или профессионал.
2. В формировании рейтинга игрока учитываются нижеследующие показатели:
* Возраст игрока;
* Опыт ойын в хоккей исчисляемый в годах;
* Наличие и применение игрового мышления;
* Навыки катания, манёвренность;
* Навыки владения шайбой - дриблинг, пасы, финты;
* Показатели бросков и нәтижелі пас - точность, сила;
* Показатели скорости - быстрый старт;
* Полезность на льду;
* Функциональная выносливость. Также на рейтинг игрока турнира влияет показатель его дисциплины. Дисциплинарные нарушители, подвергают риску все звено по причине частых опозданий и нарушений утверждённых правил турнира. В целом, при формировании показателя рейтинга каждого игрока учитывается субъективное мнение организатора. Показатель рейтинга динамичный и периодически корректируется в зависимости от количества набираемых ұпай игроками, согласно показателей статистики каждого турнира. Показатели рейтинга участников турнира не доступны общему обозрению.
3. Данные, рейтинг и фото участников турнира вносятся на сайт «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» для ведения статистики.
4. Список заявившихся участников турнира на точную дату загружается на сайт «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» и AI ассистент рандомно генерирует составы «AIDAHAR 🐉 TOBY», «AYU 🐻❄️ TOBY», «ARLAN 🐺 TOBY», «SUNKAR 🦅 TOBY». При формировании звеньев учитывается рейтинг и амплуа ойыншы, далее нападающие и защитники договариваются между собой по позициям в звене. В случае если состав участников турнира изменился, по причине замены одного или нескольких участников, процесс рандомной генерации составов проводится снова.
5. Брендированные джерси «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» предоставляются представителем организатора на месте, в раздевалке. После турнира, участники возвращает и вешает брендированные джерси на специально установленные вешалки в раздевалке, оповещая об этом представителя организатора. В случае утери или порчи брендированной джерси, участник обязан восстановить её за собственный счёт.
6. Вратарей на игру приглашаем максимально равных по уровню. Перед игрой объясняем что «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» имеет важное значение, просим играть посерьёзнее и готовиться к играм - не переедать, не опаздывать и т.д.
7. Звено, игрок которого опоздал на турнир или вовсе не пришёл, играет с неполным составом, при этом счёт по шайбам ведётся в обычном порядке.
8. К турниру не допускаются заявленные участники явившиеся на игру в состоянии алкогольного или наркотического опьянения, что подтверждается его физическим и психологическим состоянием. Контроль за допуском таких участников и подтверждение такого состояния участников турнира проводит представитель организатора.
9. Бестіктер играют по системе «каждое звено с каждым» по 25 минут. Сменки во время тура производятся по сигналу сирены.
10. Турнирная сетка «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY»:
🏒 Первый тур
⏱️ 22:45-23:10 часов:
ARLAN 🐺 TOBY vs AYU 🐻❄️ TOBY
SUNKAR 🦅 TOBY vs AIDAHAR 🐉 TOBY
🏒 Второй тур
⏱️ 23:10-23:35 часов:
ARLAN 🐺 TOBY vs AIDAHAR 🐉 TOBY
SUNKAR 🦅 TOBY vs AYU 🐻❄️ TOBY
🏒 Третий тур
⏱️ 23:35-00:00 часов:
ARLAN 🐺 TOBY vs SUNKAR 🦅 TOBY
AIDAHAR 🐉 TOBY vs AYU 🐻❄️ TOBY
11. Бестіктер рассаживаются и переходят с лавки на лавку между турами, согласно игровой сетки.
12. Каждому звену выдаётся протокол турнирной таблицы и ручка. Ойыншылар между собой договариваются кто будет у них в звене статистом и вести учёт заброшенных шайб и нәтижелі пас. Всё должно быть честно, без приписки ұпай партнёрам, потому как набранные очки влияют на рейтинг. Будьте внимательны, если будет выявлена приписка ұпай, организатор будет вносить только данные автора гола. Во время перерыва, статисты подходят к представителю организатора и вместе с ним вносят результаты завершённого тура на сайт. В случае если в протоколе нету порядка со стороны статиста, то представитель организатора присуждает авторство заброшенных шайб любому из ойыншы этого звена. После завершения турнира, дополнения в статистику организатором не принимаются в виду отсутствия свободного времени.
13. Между турами предоставляется время на заполнение статистики, переход с лавки на лавку и небольшой отдых. Старайтесь быстро реагировать, чтобы не терять на таких пересменах между турами много времени.
14. Сразу после завершения последнего тура, делается общее памятное фото всех участников турнира на льду по принципу «AIDAHAR 🐉 TOBY» и «SUNKAR 🦅 TOBY» садятся, а «ARLAN 🐺 TOBY» и «AYU 🐻❄️ TOBY» встают за ними, вратари ложатся в центре, направляя свои щитки в разные стороны от центра. Участник турнира, равно как и всё его звено, который не участвовал в фотосессии после ойын или покинул ледовую площадку до завершения ойын без веской, уважительной причины, будут недопущены к следующим играм, так-как это расценивается как не спортивное поведение по отношению ко всем участникам, а также проявленное не уважение к победителю «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY». Дисквалификация на одну игру может быть заменена денежным штрафом в размере 2000₸ с каждого игрока со звена нарушителя.
15. Победитель «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» определяется в результате подведения итогов, согласно начислению ұпай. Победа в туре - 2 ұпай. Тең ойын - 1 ұпай. Поражение - 0 ұпай. В результате равных ұпай звеньев - учитывается результат личной встречи. В результате ничьи в личной встрече - учитывается лучшая разница заброшенных и пропущенных шайб во всех встречах звеньев. В результате ничьи в разнице заброшенных и пропущенных шайб - учитывается общее количество заброшенных шайб во всех встречах звеньев. В результате равного количества всех заброшенных шайб - учитывается количество жеңіс звеньев. В результате ничьи по количеству жеңіс звеньев - победитель определяется путём проведения жребия.
16. Победителям турнира преподносится Кубок 🏆 «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» наполненный кымызом, который они должны опустошить. Кубок 🏆 «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» переходящий и хранится у организатора турнира.
«ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» өткізу тәртібі:
1. «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» ұйымдастырушысының өкілі ең алдымен әрбір турнир қатысушысының шайбалы хоккей ойыншысы ретіндегі мәртебесін анықтайды. Шайбалы хоккей ойыншысы - бұл әуесқой, БЖСМ түлегі немесе кәсіпқой.
2. Ойыншының рейтингін қалыптастыру кезінде төмендегі көрсеткіштер ескеріледі:
* Ойыншының жасы;
* Хоккей ойнау тәжірибесі, жылмен есептегенде;
* Ойын ойлауының болуы және қолданылуы;
* Сырғанау дағдылары, маневрілігі;
* Шайбаны меңгеру дағдылары - дриблинг, пастар, финттер;
* Соққылар мен пасстардың көрсеткіштері - дәлдік, күш;
* Жылдамдық көрсеткіштері - жылдам старт;
* Мұздағы пайдалылық;
* Функционалдық төзімділік. Сондай-ақ турнир ойыншыларына оның тәртіп көрсеткіші де қолданылады. Тәртіп бұзушылар жиі кешігулері мен турнирдің бекітілген ережелерін бұзу себепті бүкіл буынды қауіпқа тігеді. Жалпы алғанда, әрбір ойыншының рейтинг көрсеткішін қалыптастыру кезінде ұйымдастырушының субъективті пікірі ескеріледі. Рейтинг көрсеткіші динамикалық болып табылады, өйткені ол әр турнирдің статистика көрсеткіштеріне сәйкес ойыншылар жинаған ұпайлар санына байланысты мезгіл-мезгіл түзетіліп отырады. Турнир қатысушыларының рейтинг көрсеткіштері жалпы қаралымда қолжетімсіз.
3. Қатысушылардың деректері, рейтинг көрсеткіштерімен фотосуреттері статистика жүргізу үшін «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» сайтына енгізіледі.
4. Турнирге мәлімделген қатысушылардың нақты күнге арналған тізімі «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» сайтына жүктеледі, содан кейін AI-көмекші «AIDAHAR 🐉 TOBY», «AYU 🐻❄️ TOBY», «ARLAN 🐺 TOBY», «SUNKAR 🦅 TOBY» құрамдарын кездейсоқ құрастырады. Буындарды құру кезінде ойыншылардың рейтингі мен амплуасы ескеріледі, содан кейін шабуылшылар мен қорғаушылар буындағы позициялар бойынша өзара келіседі. Егер турнир қатысушыларының құрамы бір немесе бірнеше қатысушының ауыстырылуына байланысты өзгерсе, құрамдарды кездейсоқ құрастыру үдерісі қайта жүргізіледі.
5. «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» бренд жедейлерің ұйымдастырушының өкілі киім ауыстыратын бөлмеде ұсынады. Турнир аяқталғаннан кейін қатысушылар бренд жедейлерді қайтарып, киім ауыстыратын бөлмеде арнайы орнатылған ілгіштерге іледі және бұл туралы ұйымдастырушының өкіліне хабарлайды. Бренд жедей жоғалған немесе бүлінген жағдайда, қатысушы оны өз ақшасына қалпына келтіруге міндетті.
6. Ойынға деңгейі барынша тең қақпашылар шақырылады. Ойын алдында қақпашыларға «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» турнирінің маңызы түсіндіріледі және ойынға барынша байыппен қарау, жақсы дайындалу, шамадан тыс тамақтанбау, кешікпеу және т.б. талаптар ескертіледі.
7. Егер кез келген ойыншы турнирге кешіксе немесе мүлдем келмесе, оның буыны ойынға толық емес құраммен қатыса береді, бірақ шайбалар есебі әдеттегі тәртіппен жүргізіледі.
8. Турнирге тіркелген қатысушылардың алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде ойынға келуіне жол берілмейді. Мұндай жағдай қатысушының физикалық және психологиялық күйіне қарай анықталады. Қатысушыны ойынға жіберу немесе жібермеу туралы шешімді және оның осындай күйде екенін растауды турнир ұйымдастырушының өкілі жүзеге асырады.
9. Буындар «әр буын әр буынмен» жүйесі бойынша 25 минуттан ойнайды. Тур барысында ауысулар сирена белгісі бойынша жасалады.
10. «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» торысы:
🏒 Бірінші тур
⏱️ 22:45-23:10 сағатта
ARLAN 🐺 TOBY vs AYU 🐻❄️ TOBY
SUNKAR 🦅 TOBY vs AIDAHAR 🐉 TOBY
🏒 Екінші тур
⏱️ 23:10-23:35 сағатта
ARLAN 🐺 TOBY vs AIDAHAR 🐉 TOBY
SUNKAR 🦅 TOBY vs AYU 🐻❄️ TOBY
🏒 Үшінші тур
⏱️ 23:35-00:00 сағатта
ARLAN 🐺 TOBY vs SUNKAR 🦅 TOBY
AIDAHAR 🐉 TOBY vs AYU 🐻❄️ TOBY
11. Буындар турлар арасында ойын торына сәйкес отырып, орындықтан орындыққа ауысады.
12. Әр буынға турнир кестесінің хаттамасы мен қалам беріледі. Ойыншылар өзара буындарында кім статистика жүргізіп, соғылған шайбалар мен пастарды есептейтінін келіседі. Барлығы адал болуы керек, серіктестерге ұпай қосуға жол бермеңіздер, себебі, жазылған ұпайлар ойыншының рейтингіне әсер етеді. Абайлаңыздар, егерде әди ұпай қосу әрекеті анықталса, ұйымдастырушы тек гол авторының деректерін енгізеді. Үзіліс кезінде статистика жүргізушілер ұйымдастырушының өкіліңе барып, онымен бірге аяқталған турдың нәтижелерін сайтқа енгізеді. Егер хаттамада статистика жүргізуші тарапынан тәртіп болмаса, ұйымдастырушының өкілі соғылған шайбалардың авторын осы буынның кез келген ойыншысына жазады. Турнир аяқталғаннан кейін, бос уақыттың жоқтығына байланысты ұйымдастырушы статистикаға толықтырулар қабылдамайды.
13. Турлар арасында статистиканы толтыруға, орындықтан орындыққа ауысуға және аздап дем алуға уақыт беріледі. Турлар арасындағы мұндай ауысуларға көп уақыт жоғалтпау үшін тез әрекет етуге тырысыңыздар.
14. Соңғы тур аяқталғаннан кейін бірден мұзда барлық турнир қатысушыларының жалпы естелік фотосуреті жасалады: «AIDAHAR 🐉 TOBY» мен «SUNKAR 🦅 TOBY» отырады, ал «ARLAN 🐺 TOBY» мен «AYU 🐻❄️ TOBY» олардың артына тұрады, қақпашылар ортаға жатып, қалқандарын ортадан әр екі жаққа бағыттайды. Ойындардан кейінгі фотосессияға қатыспаған немесе дәлелді, құрметті себепсіз ойындар аяқталғанға дейін мұз алаңынан кетіп қалған турнир қатысушысы, сондай-ақ оның бүкіл буыны келесі ойындарға жіберілмейді, өйткені бұл барлық қатысушыларға қатысты спорттық емес мінез-құлық, сондай-ақ «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» жеңімпазына көрсетілген құрметсіздік ретінде бағаланады. Бір ойынға дисквалификация бұзушы буынның әр ойыншысынан 2000₸ мөлшерінде ақшалай айыппұлмен ауыстырылуы мүмкін.
15. «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» жеңімпазы ұпайларды есептеуге сәйкес қорытынды шығару нәтижесінде анықталады. Турдағы жеңіс - 2 ұпай. Тең ойын - 1 ұпай. Жеңіліс - 0 ұпай. Буындардың ұпайлары тең болған жағдайда - жеке кездесу нәтижесі ескеріледі. Жеке кездесуде тең ойын болған жағдайда - барлық кездесулердегі соғылған және жіберілген шайбалардың үздік айырмасы ескеріледі. Соғылған және жіберілген шайбалар айырмасында теңдік болған жағдайда - барлық кездесулердегі соғылған шайбалардың жалпы саны ескеріледі. Барлық соғылған шайбалар саны тең болған жағдайда - буындардың жеңістер саны ескеріледі. Буындардың жеңістер саны бойынша теңдік болған жағдайда - жеңімпаз жеребе тарту арқылы анықталады.
16. Турнир жеңімпаздарына қымызға толтырылған «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» Кубогы 🏆 ұсынылады, қымызды жеңімпаздар толығымен ішіп тастау керек. «ULY SHAIKAS ❄️ OIYNDARY» Кубогы 🏆 ауыспалы және турнир ұйымдастырушысында сақталады.